«Нашақорлыққа- жол жоқ» ашық сабақ

«Нашақорлыққа- жол жоқ»  ашық сабақ

 

Армысыздар құрметті ұстаздар және оқушылар. Бүгін сіздерге колледжіміздің «Нашақорлыққа  жол жоқ» атты акция аясында студенттеріміздің ашық тәрбие сағатымызды ұсынып отырмыз. Бүгінгі кездесуімізге колледжіміздің психолог маманы Дина Байкеновна

Тәрбие жөнінде меңгеруші В.Сергеевна,өндіріс оқу шебері Женіс Балмуханович және Ерен Сейтжанович қатысып отыр.

Ашық сабақ мақсаты

1.        Нашақорлық – ғасыр дерті екендігін, нашалық заттардың адам өміріне аса қауіптілігін ұғындыра отырып, алдын алу, саналы да,салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.

2.        Зиянды әдеттерден аулақ болып, өзін де, өзгені де зиянды әдеттердің қасіретінен қорғай білуге салауатты өмір сүре білуге ат салысуға тәрбиелеу;

3.        Осы жаман әдеттердің зиянын білімділікпен түсініп, өз беттерінше қортындылай білуге, олардан сақтану жолдарын дұрыс таңдап, салауатты өмір құрудың маңызын түсіне білуге бағыттау.

 

Елбасының «қазақстан 2030» жолдауында көрсетілген өзекті мәселелердің бірі салауатты өмір сүру, оны насихаттау мәселесі. Салауатты өмір салты дегеніміз не ол әлеуметтік тұрмұстарды жақсарту бос уақыт тиімді пайдалану, зиянды әдеттерден аулақ болу деген сөз. Қазіргі  кезде етек алғанзаманымыздың дерті ол нашақорлық. Өмір - өмір сүру үшін беріледі. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде дейді, данышпан халқымыз. Өмірімізді ұзарту да қысқарту да өз қолымызда.

 

Назарларынызға есірткі туралы ақиқат және жалған ролигін ұсынамыз.

 

Осы ролик өздерін сияқты жастар бір-бірін, есірткі дәмін тату үшін шақыру туралы. Яғни бір дәмін татсан тәуелді болып кетуге жеткілікті

 

Сендер осындай қателік жасамас үшін, жалпы есірткі дегеніміз не екенін білулерін қажет, ол неге әкеледі. Осы баядамамен алдарынызға  Нүркен мен Айтхабылды шакырамыз.  

 

Слайд

 

Есірткі, анаша – ғасыр тажалы. Онымен қазір бүкіл әлем болып күресуде. Бірақ ол оңай алдырар жау емес екен. Есірткі – бір басын кессен, екінші басы шыға келетін жеті басты жалмауыз сияқты.

 

Иә, есірткіге бір берілген адам өмір бойы жылап өтеді. Тек өзі ғана емес, ата-анасын, бауырларын, жанашар жақындарының бәрін де қоса жылатады.

 

 

Ал енді карточкамен сендерге бірнеше жағдай ұсынамыз. Сендер бұл жағдайда не істисіндер.

Карточка тарату

1. бүгін мен үйіме барайық мен саған бір нәрсе берем?

2. дискотекаға барайқ, онда жеңілдететін дәрілер сатады?

3. кешке алаңға кел шегейік?

 

 

Енді сендердің нашақорлық туралы не түйдіндер екенін қортындылау үшін. « ақиқат және жалған» тестін өткізейк. Егер келіссендер, қолдарынды көтеріндер. Келіспесендер аяқтарынмен топырландар.

1. есірткі жеке бас проблемаларды шешеді дейді?

2. жастар есірткіге жоқ дей алмаған үшін нашақор болады?

3. шылымға тәуелділік нашақорлыққа апаратын сатының біріншісі?

4. нашақорды бірнеше күнге ғана есірткіден бас тартқызсан, ол дені сау болып кетеді

 

 

Нашақорлық ол өте қорқынышты. Бұл жолға түспес үшін не істеу керек:

1. Сүйікті нәрсенмен айналысу

2. Қоғамға пайдалы болу

3. Дені сау өмір сүру

4. Заңды бұзбау

 

Ал енді сендер осы ашық сабағымыздан не түйдіңіздер, сонымен бөліссендер.

 

Соңғы мәліметке сүйенсек, 13-15 жас аралығында жасөспірімдер айықпас удың тұтқынына айналуда. Нашақорлықтың орташа жасы 30-дан да төмендеп кеткен. Соның салдарынан қылмыс көбейе түскен. Осындай ауыр апаттан жастарды арашалап қалу мақсатымен тиісті мекемелер ғана емес, бүкілхалықтың іс екенін бірігіп жұмыс істеу керектігін әрқайсымыз жетік түсінуіміз керек.

Нашақор қоғам дерті. Нашақорлықпен күресуге жалғыз адамның шамасы келмейді. Бұл жерде заң сақшылары нарколог мамандар, ата-аналар және сіздер мен біздер әрбір Қазақстан азаматы шетте қалмау керек. Ғасыр дертімен күресу керек. Дүниедегі ең қымбат нәрсе ол сенің өмірің. Сенің өмірің ол өз қолында.

Салауатты өмір сүрейік, спортпен айналысайық « салауатты өмір салтын ұстанайық» - деп бүгінгі тәрбие сағатымызды қортындылаймыз.

Прикреплённые файлы:Nashakhorlykhkha_-_zhol_zhokh.ppt
Автор: Э. Т. Амантаева
Просмотров: 4526
Дата создания: 11 Февраля 2015 г.
Дата редактирования: 20 Марта 2015 г.