Список документов
22 наурыз мерекесіне арналған сценарий

22 наурыз мерекесіне арналған сценарий

М-123, СР-49.

2-жүргізуші Күміс : - Армысыздар, ұстаздар, шәкірттер мен қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын!
Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын, тілектеріңіз қабыл болсын!

1-жүргізуші Жанат:

Уа, жарандар, жарандар,

Бәрің бері қараңдар!

Наурыз думан басталды,

Бір сәт зейін салайық.

Ұштасқан оймен мәңгілік

Біздерде бар сан ғұрып,

Ғасырлардан ғасырға

Келе жатқан жаңғырып.

Бермен жақын тұрыңдар,

Сөзіме көңіл бұрыңдар.

Жауқазындай наурыздың

Жарапазан жыры бар.

1-жүргізуші Жанат-:  Уа, ағайын! «Наурызым – бабамның сөзі, Наурызым – анамның сөзі, Ғасырдан ғасырға жеткен Даламның сөзі» демекші, тойды бастамас бұрын Қыдыр атамыздан бата сұрап алайық:

2-жүргізуші Күміс: Баталарыңыз қабыл болсын дейміз!

 Ортаға  ән шашумен Томор Айтқабыл  М-123 тобы шақырамыз.

1 – жүргізуші Жанат:

Наурыз – қуаныш мерекесі,
Бақыт пен шаттық мерекесі

Ортаға  Лаззат П-45 шақырамыз.

2-жүргізуші Күміс: ал енді ағайын бойымызды бір серігітіп алайық. Қазақтың ұлттық ойындарымен ойнайық. Ортаға 6 ер азаматты  шақырмыз.

Ойын шарты:  арқан тарту. Ұлдар екі топқа 3 адамнан бөлінеді. Сызықтың екі жағына арқан ұстап тьұрады. Ортада жургізуші арқан ұстап «бастандар» деп айтады.  Қай топ арқанды өз жағына тартып алса сол топ женеді.

 

 1 – жүргізуші Жанат:

Наурыз – көктем мерекесі.
Наурыз – жыл басы.
Наурыз – жаңа серпін, жаңа леп.

Ән шашу Рушания П-47



2 – жүргізуші Күміс:

Ұлыс күні кәрі-жас

Құшақтасып көріскен.

Жаңа ағытқан қозыдай

Жамырасып өріскен.

Ортамызға  мерекелік ән шашуымен Арнабаев Дулат М-127

1 жүргізуші Жанат:

Ұлыс күні қар еріп,

Сай-салалар гүрілдер.

Көк шөбі шығып желкілдеп,

Дүние біткен күлімдер.

Ойын. Енді ұлдарымыздың мергендігі мен шыдамдылығын анықтау мақсатында асық атып жарыстырайық. Ортаға 3  ұлдарымызды шақырайық.

2-жүргізуші Күміс:
наурыз көктем мерексі.

Наурыз ән мерекесі

Наурыз би мерекесі.

Ән шашу Лаура және Қымбат СР-52

 1 – жүргізуші Жанат:

Жауқазындай жайқалған гүлдерміз біз,
Ұтармыз біз, қолдасаңыз сіз.
Бақыт, шаттық, көңілге арман тілеп,
Өмірде болмасыншы ызғар мен сыз.

Ән шашу Бүркіт Сейілхан М-127 топ

 

 

 

2-жүргізуші Күміс:

Наурыз тойын жұп жазбай

Қошеметпен қарсы алайық.

Досқа құшақ ашайық.

Өлең-жырға басайық.

Қазақтың бір салты деп

Тойға шашу шашайық.

Қазақтың тағы салтымен танысайық.  Тәй тәй басқан балаға алғаш қадамын аттағанда  тысау кесер рәсімі өткізіледі. Осы салтты түсіндіру үшін ортаға Жания шақырамыз.

 1 – жүргізуші Жанат:

Ал, халайық, тұрмайық,
Әндетейік жырлайық!
Ортамызды ашайық,
Ырыс тілеп бұл жылға,
Жырдан шашу шашайық!

Күй Хуантай Мустафа М-123 топ


2-жүргізуші Күміс: Қадірлі ағайын, біз бүгінгі мерекелік кешімізді сайыс түрінде өткізуді жөн көріп отырмыз.

Ортаға 3 ер азамат шақырамыз. Ойын шарты алдарынызда тұрған 16 кг гирь. Осы жүкті кім көп көтереді сол женімпаз аттанады.

Алдарыңызда Рушания П-47  шақырамыз

2-жүргізуші Күміс:

Қазақтың дастарханы наурыз мейрамына мол жайылады. Қазағымыз ұлыстың ұлы күні ақ мол болсын деген ниетпен дастархан басына ақ тағамдарды көп қояды. Ортамызға Маржанды  наурыз дастарханымен таныстыруға шақырамыз.

 1-жүргізуші Жанат:

Тойла бүгін, тауларым мен боз далам,

Тойла бүгін, қарттарым мен бозбалам.

Қайта оралған намысымдай Наурызым,

Жаңа жыл боп қош келіпсің, Наурызым!

Ән шашу Лаура және Дмитрий

 2-жүргізуші Күміс:

Арда өсіп, адал емген ақ уызың,

Қалдырған ғасырларға нәрлі ізін.

Көк бөрілі байрағын желбіретіп,

Көк түріктер тойлаған Наурызым!

Сөзді тәрбие жөніндегі меңгеруші Валентина Сергеевнаға береміз. 

Наурыз мерекесі құтты болсын! Келесі жылы амандықта жүздескенше!

Прикреплённые файлы:NAURYZ_SCENARIJ.docx
Автор: В.С.Путинцева
Просмотров: 21466
Дата создания: 7 Апреля 2015 г.
Дата редактирования: 7 Апреля 2015 г.
www.egov.kz
Опрос